Атырау, 25 сәуір 20:31
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Көкек ананың» бостандығы шектелді

3 732 просмотра

Атырау қаласында қақаған қыста өзінің жаңа туған сәбиін Авангардтағы 5 қабатты үйдің жылу құбырының үстіне тастап кеткен 21 жасар «көкек ананың» ісі №2 қалалық сотта қаралды.

Абырой болғанда нәрестені оның жылаған дауысын естіген  5 қабатты үйдің тұрғыны тауып алды. Үйіне әкеліп, жедел жәрдем шақыртты. Суықтан денесі мұздап, жүрек соғысы төмендеген қызды дәрігерлер аман алып қалды. Бауыр еті баласын аязға тастап қашқан әйелді полицейлер үш күннен соң тапты. Сөйтсе, әлгі әйел Орал қаласынан жүктілігін жасыру үшін әдейі келіпті.

Сотталушыға ҚР ҚК-нің 119-бабы 2-бөлігімен айып тағылды (Көмексiз қалдырылған адамның денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан  қауiптi жағдайда қалдыру). Ол өзінің жасаған әрекетін сотта толық мойындап, процессуалдық келісім жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ мәлімдеуінше, сот үкімімен А.Х. кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Ал қыз бала бүгінде сәбилер үйінде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 мамыр 2020, 02:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.