Биылғы 24 қаңтарда Аққыстау ауылының маңында Р.К. мен А.К. екі сиырды қораларына кіргізіп, сойып алып, етін сатқан.
Онлайн өткен сот отырысында сотталғандар кінәcын мойындады. Жасаған қылмыстық әрекеттеріне өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады. Алайда сотта жәбірленуші сотталушыларға заң талабына сай жаза қолдануды сұрады.
Айта кету керек, ҚР Қылмыстық кодексіне жақында енгізілген өзгерістеге сәйкес, мал ұрлағаны үшін жаза күшейген. Сот екеуін ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен ("Аулаға кіріп, бөтеннің малын ұрлау") кінәлі деп танып, әрқайсына бес жыл жарымға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суретті түсірген автор