Атырау, 17 маусым 14:18
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Түркия халқы Ердоған үкіметіне қарсы ереуілге шықты Әлемде

Түркия халқы Ердоған үкіметіне қарсы ереуілге шықты

Түркияның Стамбул қаласында ел президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы шеру болды деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі. «Әділдік маршы» деп аталатын шеру ел Астанасы Анкарада 15 маусым күні басталып, ереуілге қатысушылар 400 шақырым жаяу жол жүріп Стамбул қаласының орталық алаңына дейін барған. 10 шілде 2017, 09:39 2 772 рет қаралды
АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік-шығысындағы бітім жайлы хабарлады Әлемде

АҚШ пен Ресей Сирияның оңтүстік-шығысындағы бітім жайлы хабарлады

АҚШ, Иордания және Ресей шілденің 9-нан бастап Сирияның оңтүстік-шығысында қарулы қақтығысқа қатысып жатқан қарсылас тараптар арасында бітімге келу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл туралы ақпаратты Гамбургте өтіп жатқан "Үлкен жиырмалық" саммиті кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров растады деп хабарлайды Reuters. 8 шілде 2017, 12:33 2 719 рет қаралды
Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті Әлемде

Мәскеуде Ресей мен Қытай басшылары кездесті

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин келіссөз өткізді. 4 шілдеде өткен келіссөз қорытындысы бойынша табиғи ресурстар, энергетика, транспорт, ауыл шаруашылығы, кино өндірісіне қатысты ондаған келісімге қол қойылды. 5 шілде 2017, 11:31 2 928 рет қаралды
Ресей Батыс елдерінен әкелінетін тауарларға азық-түлік эмбаргосын ұзартты  Әлемде

Ресей Батыс елдерінен әкелінетін тауарларға азық-түлік эмбаргосын ұзартты

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейге қарсы санкциялар енгізген АҚШ, Канада, Еуроодақ елдері, Австралия мен Украинадан  азық-түлік және ауыл шаруашылық өнімдерін алуға тыйым салатын құжаттың мерзімін 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ресей Федерациясы Министрлер кабинетінің ресми сайтында жарияланды.  5 шілде 2017, 11:28 2 441 рет қаралды
Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тан газ сатып алуға шақырмақ Әлемде

Трамп еуропалық одақтастарын АҚШ-тан газ сатып алуға шақырмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 шілдеде Польшаға жасайтын сапарында Ресейдің энергия ресурстарына тәуелді болып қалудан қауіптенетін Шығыс Еуропа елдерін АҚШ-тан Еуропаға табиғи газ жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға шақырмақ деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі. 4 шілде 2017, 12:01 1 872 рет қаралды
Франция президенті парламент депутаттарын қысқартуды ұсынды Әлемде

Франция президенті парламент депутаттарын қысқартуды ұсынды

Франция президенті Эммануэль Макрон парламент депутаттарының үштен бірін қысқартқысы келетінін мәлімдеді. Парламентте жолдау жасаған Француз президентінің пікірінше, сол кезде парламент тез шешім қабылдап, қажетті реформаларды жылдамырақ жүргізетін болады. 4 шілде 2017, 11:03 1 664 рет қаралды
Солтүстік Корея баллистикалық зымыраны Жапон теңізіне құлады Әлемде

Солтүстік Корея баллистикалық зымыраны Жапон теңізіне құлады

Сейсенбі күні таңертең Солтүстік Корея кезекті рет баллистикалық зымыран сынады деп мәлімдеді Оңтүстік Корея әскерилері. Жапония билігінің есептеуінше, зымыран ұшырылғаннан соң 40 минуттан кейін Жапон теңізіндегі Жапонияның экономикалық аймағына құлаған. Токио Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын өрескел бұзғанына қарсылық білдірді. 4 шілде 2017, 10:28 2 772 рет қаралды
Путин мен Ши Жинпиң бірігіп жұмыс жасауға уағдаласты Әлемде

Путин мен Ши Жинпиң бірігіп жұмыс жасауға уағдаласты

Кеше Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Ши Жинпиң кездесті. Кездесу барысында екі ел басшылары Корей түбегіндегі жағдай мен Сүрия мәселесі жайында сөйлесті. 4 шілде 2017, 10:17 2 160 рет қаралды
Солтүстік Корея жер бетінің кез келген нүктесіне зымыранмен соққы жасай алатынын ескертті Әлемде

Солтүстік Корея жер бетінің кез келген нүктесіне зымыранмен соққы жасай алатынын ескертті

Солтүстік Корея Корей халық армиясының стратегиялық әскері (КХА) күнін атап өтіп, зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынын ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости. 3 шілде 2017, 11:23 1 911 рет қаралды
АҚШ пен Қытай теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізінде кездесіп қалды Әлемде

АҚШ пен Қытай теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізінде кездесіп қалды

Жексенбі күні АҚШ Теңіз күштері Оңтүстік Қытай теңізіндегі (Қытайда Оңтүстік теңіз деп аталады, ағл. South China Sea) Қытай теңіз күштері бақылауындағы бір арал маңынан байырқалай өтті. Бұл АҚШ Теңіз армия күштерінің алты апта ішінде екінші рет Оңтүстік Қытай теңізінде әрекет жасауы болып табылады. 3 шілде 2017, 10:59 3 271 рет қаралды
SIPRI: Әлемде ядролық қару саны азайып, арсеналы жаңаланып жатыр Әлемде

SIPRI: Әлемде ядролық қару саны азайып, арсеналы жаңаланып жатыр

Әлемде ядролық қару саны азайып бара жатқанымен, ядролық қаруы бар елдер өз арсеналын модернизациялап жатыр және жақын болашақта бұл қару түрінен бас тартпақ емес. Бұл туралы Стокгольмдегі Халыфқаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI - Stockholm International Peace Research Institute) әлемдегі ядролық қарудың қоры туралы жаңа зерттеуінде айтылады. 3 шілде 2017, 10:57 3 194 рет қаралды
Араб елдері Катарға 72 сағат ішінде талаптарын орындамаса шара қолданатынын ескертті  Әлемде

Араб елдері Катарға 72 сағат ішінде талаптарын орындамаса шара қолданатынын ескертті

Катарға дипломатиялық дағдарыс орнатқан төрт ел бірлесе отырып Бахрейнде әскери база құратындарын мәлімдеді. Бұл туралы Мысырдың «әл-Эхрам Араби» басылымына сілтеме жасай отырып, «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлайды. 1 шілде 2017, 15:25 2 496 рет қаралды
АҚШ пен Қытай арасы барған сайын салқындап барады Әлемде

АҚШ пен Қытай арасы барған сайын салқындап барады

АҚШ үкіметі бүгін хабарлама жариялап, Қытайдың «Дандоң» (Bank of Dandong) атты банкі Солтүстік Кореяның қару-жарақ компанияларын қаржылық жақтан қолдағанын айыптады. Сонымен бірге аталған банкті АҚШ қаржы жүйесінен ажыратып тастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр. 1 шілде 2017, 10:24 2 747 рет қаралды
Сирияда АҚШ қолдайтын көтерілісшілер Ракканы қоршады Әлемде

Сирияда АҚШ қолдайтын көтерілісшілер Ракканы қоршады

Сириядағы АҚШ қолдайтын күштер "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы бекінген Ракка қаласына соңғы кіреберістерін бақылауына алды деп хабарлады бақылаушылар. ИМ содырлары өздерінің астанасы деп жариялаған Ракка қаласы қоршауға алынған. 30 маусым 2017, 12:46 2 321 рет қаралды
Германия билігі Ердоғанға Түркия халқы алдында сөз сөйлеуге тыйым салды  Әлемде

Германия билігі Ердоғанға Түркия халқы алдында сөз сөйлеуге тыйым салды

Германия билігі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның G20 саммиті кезінде Гамбургте тұратын Түркия азаматтары алдында сөз сөйлеуге байланысты сұрауын қабылдамай тастады. 30 маусым 2017, 10:43 2 286 рет қаралды
АҚШ Тайваньға қолдау көрсетіп, Қытаймен 40 жылдық келісімін бұзғалы отыр  Әлемде

АҚШ Тайваньға қолдау көрсетіп, Қытаймен 40 жылдық келісімін бұзғалы отыр

АҚШ Сенатының Қарулы күштер комитеті (Senate Armed Services Committee) жариялаған Жылдық қорғаныс есебінде АҚШ-тың Тайваньға қаратқан саясатында бірқатар түзетулер енгізілгені белгілі болды. 30 маусым 2017, 10:37 3 260 рет қаралды