Атырау, 28 қараша 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ИМ Дағыстандағы полицияға шабуылды мойнына алды

1 880 просмотра


"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Дағыстанның Каспийск қаласындағы полицияға жасалған шабуыл жауапкершілігін мойнына алды. Бұл туралы террорлық әрекеттерді зерттеу жөніндегі SITE Intelligence Group тобы хабарлады.

28 тамызда жасалған шабуыл салдарынан полицияның екі қызметкері қаза тапқан, шабуылдаушылардың көзі жойылған. "Кавказ.Реалии" (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының жобасы) сайтының хабарлауынша, шабуыл жасалған жерде ИМ белгілері табылған.

28 тамыз күні сонымен қатар Дағыстанның Хасавюрт ауданында өткен терроризмге қарсы операция кезінде құқық қорғау органының бір қызметкері оққа ұшып, тағы біреуі жараланды.

Аймақтағы содырлар полиция қызметкерлері мен билік өкілдеріне жиі шабуылдап тұрады, мұндағы кейбір содырлар "Ислам мемлекетіне" қатысы барын жариялаған.

Дереккөз: azattyq.org

29 тамыз 2017, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.