Атырау, 17 маусым 14:18
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Әлемде

Иран президентінің ағасы қамауға алынды  Әлемде

Иран президентінің ағасы қамауға алынды

Иран президенті Хасан Руханидің ағасы "қаржы жымқырды" деген күдікпен ұсталды. Reuters агенттігінің мәліметінше, Хасан Руханидың ағасы Хуссейн Ферейдун шілденің 16-сы күні қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған. 17 шілде 2017, 09:56 1 832 рет қаралды
Диссидент, Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды Әлемде

Диссидент, Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды

Қытайда 61 жасында диссидент, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды. Бірер күн бұрын оның тыныс алу қызметі бұзылғаны хабарланған еді. Дәрігерлер оны хал үстінде жатыр деген, ал туыстары оны жасанды жолмен дем алдыру аппаратына жатқызудан бас тартқан. 14 шілде 2017, 10:37 2 296 рет қаралды
Сот Коррупциямен күрес қоры қызметкерінің Медведевке шағымын қабылдамады Әлемде

Сот Коррупциямен күрес қоры қызметкерінің Медведевке шағымын қабылдамады

Мәскеудің Пресненск аудандық соты Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының қызметкері Георгий Албуровтың премьер-министр Дмитрий Медведевтің үстінен түсірген шағымын қабылдамай тастады деп хабарлады РБК агенттігі. Бас тарту туралы түсіндірмеде шағымды әкімшілік сот өндірісінде қабылдауға болмайтыны айтылған. 14 шілде 2017, 10:09 1 771 рет қаралды
«Ислам мемлекеті» ұйымы өз ішінен бөліне бастады  Әлемде

«Ислам мемлекеті» ұйымы өз ішінен бөліне бастады

"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының бірнеше  содырлары Ирактың Найнава  провинциясындағы Таль-Аффар қаласын жеке мемлекет ретінде жариялап, өздерін халифаттан тәуелсіз топ есебінде таныстырды.  14 шілде 2017, 10:02 2 983 рет қаралды
Немцовтің өліміне кінәлі деп танылғандар сотталды Әлемде

Немцовтің өліміне кінәлі деп танылғандар сотталды

Мәскеудің округтік әскери соты бейсенбіде Шешенстан ішкі істер министрлігі "Север" батальонының бұрынғы сарбазы Заур Дадаевты оппозициялық саясаткер Борис Немцовтің өліміне кінәлі деп айыптап, 20 жылға соттады деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы. 13 шілде 2017, 14:27 2 617 рет қаралды
Фетхуллах Гюлен: «АҚШ мені Түркияның қолына берсе, мен қарсылықсыз елге ораламын» Әлемде

Фетхуллах Гюлен: «АҚШ мені Түркияның қолына берсе, мен қарсылықсыз елге ораламын»

Қазір АҚШ-тан саяси пана алып отырған тегі түрік, ислам дінінің уағыздаушысы Фетхуллах Гюлен Анкараның оны елге экстрадициялау туралы өтініші қанағаттандырылса, қарсылықсыз отанына оралатынын жеткізді. Бұл туралы ол  Reuters агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. 13 шілде 2017, 12:26 2 167 рет қаралды
Трамп: Путинмен өте жақсы тіл табысып кеттім Әлемде

Трамп: Путинмен өте жақсы тіл табысып кеттім

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен "өте жақсы тіл табысып кеткенін" мәлімдеді. Трамп CBN (Christian Broadcasting Network) телеарнасының негізін салушы Пэт Робертсонға берген сұхбатында АҚШ Ресей сияқты әлемдегі ең қуатты ядролық держава екенін, сондықтан екі мемлекеттің "қандай да бір қарым-қатынас орнатпауының мәні жоғын" айтты. 13 шілде 2017, 12:11 2 722 рет қаралды
AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды Әлемде

AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Ирак әскері мен оның АҚШ басқаратын коалициядағы одақтастары Мосул қаласы үшін шайқастарда халықаралық гуманитарлық құқықты бұзды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, кебір заң бұзушылықтарды "әскери қылмысқа" теңеуге болады. 12 шілде 2017, 11:27 1 966 рет қаралды
Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды Әлемде

Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды

Украинаның Херсон облысында 30 маусымда ұсталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) шекарашылары Аскар Кулуба мен Владимир Кузнецов қамауға алынды. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деген күдікке ілінген. 12 шілде 2017, 11:19 2 502 рет қаралды
АҚШ Мексика арасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлмек  Әлемде

АҚШ Мексика арасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлмек

АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы Мексика шекарасында қорған салуға 1,6 млрд доллар бөлуді қарастыратын заң жобасын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости Hill газетіне сілтеме жасап. 12 шілде 2017, 10:14 2 957 рет қаралды
Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкция салуды қолдады Әлемде

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкция салуды қолдады

АҚШ президенті әкімшілігі Ресей мен Иранға жаңа санкциялар салуды қолдайды. Бірақ қазір конгресте қаралып жатқан заң жобасы президенттің санкция салуға қатысты құзыретін шектейді деп мәлімдеді Ақ үйдің заңнама мәселелері бойынша өкілі Марк Шорт журналистерге. 11 шілде 2017, 16:24 2 937 рет қаралды
Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір Әлемде

Трамптың ұлы конгреске ресейлік адвокатпен кездескені туралы айтуға әзір

АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлы Дональд АҚШ конгресімен Трамптың сайлау кампаниясының Мәскеумен байланысын тексеруге қатысты ынтымақтасуға даяр екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол ықпалды конгресмендер өзінен 2016 жылы президент сайлауы кампаниясында ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен кездескені туралы ақпарат беруді талап еткен соң айтты. 11 шілде 2017, 11:09 2 586 рет қаралды
Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынасын үзді  Әлемде

Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынасын үзді

Қытай Солтүстік Кореямен барлық әскери қарым-қатынастарын үзді деп мәлімдеді Қытайдың халықаралық қауіпсіздік орталығының басшысы Чжоу Бо Channel News Asia телеарнасына берген сұхбатында.  11 шілде 2017, 11:05 1 706 рет қаралды
Ресей: Украинада ұсталған Агеев армияда келісім-шартпен қызмет еткен жоқ Әлемде

Ресей: Украинада ұсталған Агеев армияда келісім-шартпен қызмет еткен жоқ

Ресей қорғаныс министрлігі Украинаның Луганск облысында украин әскерилері ұстаған Виктор Агеевтің Ресей қарулы күштерінде келісім-шартпен қызмет еткенін жоққа шығарды. Министрлік Агеев Ресей қарулы күштерінде қызмет еткенін өзі мойындағанына қарамастан оны "жалған" деп атады. 11 шілде 2017, 11:03 2 071 рет қаралды
Бақылаушылар: Сириядағы бітім сақталып тұр Әлемде

Бақылаушылар: Сириядағы бітім сақталып тұр

Сирияда АҚШ пен Ресейдің ара ағайындығымен жасалған бітім күшіне енген алғашқы күні толықтай сақталды деп хабарлады бақылаушылар мен оппозициялық көтерілісшілер. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы 9 шілдеде аз ғана оқ ату болғанымен, жалпы алғанда күн тыныш өткенін мәлімдеді. 10 шілде 2017, 12:02 1 822 рет қаралды
АҚШ технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шығарды Әлемде

АҚШ технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шығарды

АҚШ-тың Уашингтон Университетінің технологтары батериясыз ұялы телефон жасап шықты. Бұл туралы шинхуаның ресми сайты хабарлайды. Жалпыға жаңалық іспетті бұл телефонға батерия қажет емес, ол сымсыз электр толқыны мен сәулелерден қуат алады. 10 шілде 2017, 11:08 2 154 рет қаралды
"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды Әлемде

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды

"Орыс маршын" ұйымдастырушы Юрий Горский Ресейден кетіп қалды. Ол экстремизм ісі бойынша үйқамақта отырғанына қарамастан, Литваға кеткен. Бұл туралы Горскийдің өзі Facebook-те жазды. 10 шілде 2017, 10:35 1 575 рет қаралды
Ирак премьері Мосулдың ИМ тобынан азат етілгенін жариялады Әлемде

Ирак премьері Мосулдың ИМ тобынан азат етілгенін жариялады

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади сегіз айға жалғасқан әскери операция нәтижесінде елдің екінші үлкен қаласы Мосулды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан азат еткен үкімет әскерін "ұлы жеңіспен" құттықтады. Бұл туралы үкімет жетекшісі кеңсесі бүгін таратқан мәлімдемеде айтылған. 10 шілде 2017, 09:52 1 673 рет қаралды
Путин мен Трамп кездесуінің қорытындысы белгілі болды Әлемде

Путин мен Трамп кездесуінің қорытындысы белгілі болды

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путиннің арасында өткен кездесудің нәтижелері жөнінде баспасөз конференциясын өткізді.  10 шілде 2017, 09:47 2 729 рет қаралды