Индонезия президенті Джоко Видодо ел билігімен рохинджа мұсылмандарына қатысты жағдайды реттеу мәселелерін талқылауға Мяньмаға арнайы елші ретінде республиканың СІМ басшысы Ретно Марсудиді жіберді. Бұл жайлы The Straits Times газетіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлайды. Президент мәлімдемесінде «министрдің Нейпидода шұғыл кеңес өткізетіндігі» айтылған. «СІМ басшысы Мяньма үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатып, елдегі барлық азаматтардың, соның ішінде мұсылмандардың қорғанысын қамтамасыз етіп, гуманитарлық көмекке мұқтаждарға мүмкіндік жасауға көндіруге тиіс», делінген хабарламада. Митингке жиналғандар Мяньманың сыртқы істер министрі, із жүзінде осы елдің саяси көсбасшысы, мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжиден Нобель сыйлығын қайтарып алуды талап етті. Ал, жексенбі күні түнде белгісіз біреулер Мяньма елшілігінің ғимаратына өртегіш қоспасы бар бөтелке лақтырып, артынша шағын өрт шықты. Рохинджа ұлтының мұсылмандары Мяньманың Ракхайн штатында тұрады. Билік оларды Бангладештен келген заңсыз мигранттар деп есептейді. Ракхайнда мұсылмандар мен жергілікті буддистердің арасындағы қақтығысқа әкеп соққан дінге қатысты шиеленіс бұған дейін де бірнеше рет болған. Соңғы жылдарда мыңдаған адам зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды.
Дереккөз: inform.kz