Атырау, 28 қараша 16:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Су астында қалған Хьюстонда коменданттық сағат жарияланды

2 252 просмотра


«Харви» дауылынан зардап шеккен Американың Хьюстон қаласында коменданттық сағат жарияланды, деп хабарлайды. 

Би-Би-Си агенттігі. Дауылмен бірге жеткен алапат нөсер жауын қаланың басым бөлігін су астында қалдырды. Табиғи апат салдарынан 15 адам қаза тапқан, көптеген үйлер қирады. Қала мэрі Сильвестра Тернердің айтуынша, коменданттық сағат иесіз қалған үйлерді тонаушылармен күрес үшін белгіленген. Айта кетерлігі, Хьюстон - АҚШ-тың үлкендігі жағынан төртінші қаласы. Жергілікті қоймада су дейгейі көтеріліп, ол Аддикс бөгетінен асып аға бастаған. Коменданттық сағат түнгі 12-ден таңғы 5-ке дейінге белгісіз мерзімге жарияланды. Алайда бұл шектеу еріктілер, төтенше қызметкерлерге қатысы жоқ. АҚШ Президенті Дональд Трамп апаттың салдарын көзімен көру үшін сейсенбі күні Техасқа келді. «Харви» дауылына апаттың 4 деңгейі белгіленді, ол құрлыққа қарай жылжыған сайын қатері азайып келеді. Алайда алдағы бірнеше күнде нөсер жауын жалғаса бермек. 

Дереккөз: inform.kz

30 тамыз 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.