Түркия Ыстамбұл топан су Стамбулда да алапат дауыл соғып, артынша жаңбыр селдетті. Салдарынан шаһар көшелерін су алған.
Табиғаттың тосын мінезіне байланысты жергілікті билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берді. Соңғы деректерге қарағанда дауылдан әсіресе Эминеню ауданы қатты зардап шеккен. Мұнда төпелеген жаңбыр суы жолындағының бәрін ағызып әкетті. Ал тұрғындар мен дүкен иелері баспаналары мен сауда нүктелеріне су кірмес үшін қолдан бөгеттер жасаған. Айта кетейік, жаз басталғалы бері мұндай су тасқыны Ыстамбұлда осымен үшінші рет қайталанды.
Дереккөз: 24.kz