Атырау, 28 қараша 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қытай Молдова армиясына бірқатар техниканы сыйға берді

1 805 просмотра


Қытай бүгін Молдова ұлттық армиясына 15 млн. лей сомасындағы техника топтамасын: тоғыз шағын автобусты, үш жедел жәрдем машинасын, төрт  рефрижераторды, он электр генераторын, сондай-ақ бөлшектерді сыйға берді, деп хабарлайды МОЛДПРЕС. 

Іс-шара барысында қорғаныс министрінің орынбасары Георге Галбура бұл көмектің қымбат инвестицияны қажет ететін Ұлттық армияны жабдықтаудағы маңызды үлес саналатынын мәлім етті. «Ұлттық әскеріміздің жабдықтары бірлескен келісім негізінде Қытай ұлттық қорғаныс министрлігінің ұсынған техникалық жабдықтар топтамасымен толықты. Осы көмек үшін, сондай-ақ көрсетіліп жатқан барлық қолдау үшін алғыс білдіреміз», - деді Галбура. Өз кезегінде МР-дағы ҚХР елшісі Чжан Инхунь атап өткендей, соңғы жылдары әскери саладағы ынтымақтастық жанданып, екі ел арасындағы сенімділікті нығайтуға ықпал етуде. «Осы озық техникалардың сіздер үшін заманауи қолдау болып табылатынына үміттенеміз. Соңғы 20 жылда Қытай мен Молдова арасында, әсіресе саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда жақсы екіжақты қатынас орнады. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталады», - деді елші. 

Дереккөз: inform.kz

30 тамыз 2017, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.