Атырау, 28 қараша 15:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мен Ресейге қарсы шығуға дайынмын – Рамзан Қадыров

2 492 просмотра


Шешенстан президенті Мьянмадағы болған үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында орын алған қанды оқиғаларға байланысты өзінің ашық пікірін білдірді. Бұл туралы caravan.kz хабарлады.

Өзінің Instagram парақшасында Рамзан Қадыров жұртшылықпен тікелей эфирге шығып, Ресейлік БАҚ өкілдерін айыптады.

«Осы Еуропада бір кішігірім теракт болған күнде бүкіл әлемдік лидерлер мен жаһандық БАҚ өкілдері айғайлатып шығады. Ал бір-екі күнде жүздеген адамдар геноцидқа ұшырып жатқан кезде ешкім ым деуге бармайды.

Егер Ресей ресми түрде мұсылмандарды өлтіріп жатқан шайтандарды қолдайтын болса, мен тіпті Ресейге қарсы шығуға дайынмын.

Бұл мәселе бойынша мен толыққанды Ердоғанды (Түркия президенті Реджип Ердоған – автор) қолдаймын. Одан басқа мен жанашырлық білдіріп отырған ешкімді көріп отырған жоқпын» ,- деді Шешенстан басшысы.

Дереккөз: Qazaquni.kz 

4 қыркүйек 2017, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.