Атырау, 28 қараша 15:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның зымыран сынағанын айыптады

1 206 просмотра


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 29 тамыз күні кешке Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағанын айыптайтын мәлімдемені мақұлдады. Зымыран Жапонияның үстінен ұшып өтіп, Тынық мұхитқа түскен.

Қауіпсіздік кеңесі зымыранды бұлай сынауды "алаңдатарлық қауіп" деп атап, Пхеньяннан сынақтарды тоқтатуды, ядролық бағдарламадан бас тартуды талап етті. Мәлімдемеде Солтүстік Кореяны халықаралық қауымдастықтың алаңдауын дереу басатын қадамдар жасауға шақырған.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли жиыннан соң журналистерге "Солтүстік Кореяның заңсыз әрекеттеріне АҚШ-тың тоқтау салатынын" айтқан.

Дереккөз: azattyq.org

30 тамыз 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.