Атырау, 30 желтоқсан 04:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.76
€ 593.80
₽ 6.50

Түркия мен Еуроодақтың қарым-қатынасы қиындап тұр

2 132 рет қаралды


Еурокомиссияның Президенті Жан-Клод Юнкер Түркия мен Еуроодақтың қарым-қатынасы қиындап тұрғанын мәлімдеді. 

  "Түркия Еуроодақтан алыстап барады. Менің ойымша, Ердоған Түркияның Еуроодаққа кіру туралы келісімдеріне біздің тараптан нүкте қойылғанын қалайтын сияқты. Сонда ол екіжақты қарым-қатынастардың шиеленісуіне Еуроодақты кінәлап, өзінің айыбын жасырып қалушы еді", - деді ол. 

Еуроодақ Түркияда өткен жылы орын алған мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасынан кейін Режеп Тайып Ердоғанның күдікті азаматтарды жаппай қудалауға ұшыратқанына қатысты наразылық білдірген болатын. Германия канцлері Ангела Меркель: "Германияда 3 млн түрік азаматтарының тұратынын ескеріп, Түркия билігі өз елінде конституциялық құқықтарды сақтауы керек. Олар адам құқықтары мен бостандықтарын еркін бұзып отырғандықтан, біздің қарым-қатынастарымызға сызат түсіп отыр", - деді. 

Ақпан айында Түркияда неміс-түрік журналисті Дениз Юкель тұтқындалған кезде, Германия Үкіметі биліктің тек өз елінде ғана емес, шет елде де сөз бостандығын шектеп отырғанын айтып, әлем назарын аударып еді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


31 тамыз 2017, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.