Кенияның Жоғарғы Соты жуырда өткен президенттік сайлау қорытындыларын жоққа шығарып, 60 күн ішінде жаңа сайлау өткізуге шешім шығарды.
1,4 млн дауыс берушінің қолдауына ие болып, жеңіске жеткен Ухуру Кениатаның қарсыласы Раила Одинга сайлау барысында заңбұзушылықтар орын алып, әділетсіздік жасалғанын айтып, сотқа шағымданған болатын. Кенияның жақында сайланған Президенті Ухуру Кениата осыдан алдын қандай шешім болмасын құрметпен қабылдайтынын айтқанымен, оның қызметін заңсыз деп тауып, жаңа сайлау өткізуге шақырған Сотты айыптап, әділдігіне күмән келтірді.
Сайлаудан кейін, Раила Одинганың жақтастары мен қауіпсіздік қызметінің арасында болған теке-тірестер нәтижесінде 28 адам қаза тапты. 2007 жылы да кезекті сайлау қорытындыларының өзгертілгені туралы шу шығып, соңы жаппай тәртіпсіздік пен қоғамдық толқуға ұласқан еді.
Дереккөз: qazaqtimes.com