Атырау, 28 қараша 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Әзербайжанда күннен қорғайтын көзілдірікті дәрігер нұсқауынсыз сатуға тыйым салынуы мүмкін

1 606 просмотра


Әзербайжанда дәрігердің нұсқауынсыз оптикалық және күннен қорғайтын көзілдіріктерді сатуға тыйым салу жоспарлануда, деп хабарлайды Trend. 

Осы мәселе Милли Меджлистің (парламент) денсаулық сақтау жөніндегі комитеті әзірлеген «Оптика туралы» заң жобасының алғашқы нұсқасында көтерілген, дейді комитет төрағасының орынбасары Мұса Гулиев. «Біз бұл жобаны тиісті министрліктер мен ұйымдарға жібереміз және олардың ұсыныстары мен қорытындыларын ескереміз. Бұл мәселе күзгі сессияда комитеттің күн тәртібіне енгізіледі. Сонан соң, мүмкін, заң жобасын парламенттің жалпы отырысында талқылауға ұсынатын шығармыз», - деді Гулиев. Депутаттың сөзіне сенсек, мұндай заңдар көптеген мемлекеттерде бар. «Әзербайжанда да бұл салада заңдылық күшейтілуі тиіс. Өйткені, мәселе тек күннен қорғайтын көзілдіріктерде ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығы үшін маңызды оптикалық көзілдіріктерді де дұрыс таңдау қажет. Жазда күннен қорғайтын көзәйнекті дерлік барлық адам тағады, бірақ өзі таңдаған көзілдіріктің оған сай келе ме, денсаулығына зияны жоқ па, оны жұрттың бәрі біле бермейді. Сондықтан мәселені құқықтық реттеу тұрғысынан алғанда мұндай заңның маңызы зор», - деді депутат. Оның сөзіне қарағанда, оптикалық және күннен қорғайтын көзілдірікті дәрігермен кеңескен соң сатып алу керек. «Күннен қорғайтын көзілдіріктерді кез келген адам кез келген жерде сатуына жол беруге болмайды. Кім өндіргені белгісіз көзілдіріктерді сатуға да тыйым салу керек. Мұның бәрі жаңа заң жобасында көрініс тапқан. Көзілдірікті импорттау, сату қызметтері және онымен айналысатын тұлғалар тиісті курстардан өтуі, кем дегенде, сертификат алуы тиіс», - дейді Гулиев.

Дереккөз: inform.kz

29 тамыз 2017, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.