Шешен Республикасының басшысы қауіпсіздік үшін арнайы операцияның мән-жайын ашқан жоқ.
Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров гуманитарлық операция барысында Ирактың Таль-Афар қаласынан алты қазақстандық пен алты Ресей азаматының қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлады.
"Ирактық Күрдістанда Ресей және ТМД елдерінің азаматтарын құтқару бойынша ірі гуманитарлық операцияның кезекті кезеңі аяқталды. Осы күндері Таль-Афарда 12 адам босатылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде алты адам Ресей азаматы, алтауы Қазақстан азаматы", — деп жазды Қадыров әлеуметтік желіде.
Шешен елі басшысының айтуынша, құтқару операциясына Ирак Күрдістанының арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдары қатысты. Бұдан бөлек, Эрбилдегі РФ бас консулдығының қызметкерлері үлкен қолдау көрсеткен.
"Әзірге біз операцияның егжей-тегжейін айта алмаймыз, өйткені бұл операцияның тоқтауына әкеп соғып, оның қатысушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Тек Ресейдің тағы алты азаматының қайда екені анықталғанын айта аламын, олар түрлі жолмен менен көмек сұрады", — деп хабарлады Рамзан Қадыров.
Дереккөз: sputniknews.kz