Йемен одақтас ел әуе соққысы қаза тапқандар Йеменде Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдердің әуе күштері ел астанасы Санаға жақын жердегі қонақүйге соққы жасап, 35 адам қаза тапты.
Опат болғандардың арасында көтерілісшілермен қатар бейбіт тұрғындар да бар. Тағы 13 кісі жараланған. Қазір құтқарушылар үйінділерді тазалап, адамдарды іздестіріп жатыр. Одақтас елдердің әскерилері оқиғаға қатысты еш мәлімдеме жасаған жоқ. Ал қонақүйде есірткінің әлсіз санатына жататын кат шөбін жинаушылар мен саудагерлер болған. Айта кетейік, Йемендегі соғыс 2014 жылы хусит көтерілісшілерінің президент Абд Раббу Мансур Хадиді биліктен кетіріп, Сана қаласы мен солтүстік аймақтарды қолына алған кезден басталған болатын. Ал 2015 жыл Сауд Арабиясы бастаған одақтас елдер ресми билікті қалпына келтіру үшін әскери қимылдарды бастаған болатын.
Яхья Хуссейн, құтқарушы:
– Соққы кезінде қонақүйде 100-ге жуық кат шөбін жинаушы жұмысшы мен саудегер болған. Қазір тек 35 адамның мәйітін алып шықтық. Қалғандары әлі үйінді астында жатыр.
Дереккөз: 24.kz