Атырау, 28 қараша 15:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Грузияда балаларды вакцинациялау міндеттеледі

1 783 просмотра

Грузия вакцинация екпе жасау Елдің Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылау орталығымен бірлесіп, жаңа заң жобасын дайындады. Заңға сәйкес балабақшаға және мектепке барарда балалардың екпе картасы міндетті түрде сұралады. 

Ал кей жағдайларда жұмысқа кіру үшін де бұл құжат талап етіледі. Биыл Алина Гончукованың қызы мектеп табалдырығын аттайды. Алайда анасы оның екпе картасы болуы керектігін жаңа ғана естіді. Алина Гончукова: - Кейбір ата-аналар екпе салдыру қауіпті дейді. Бірақ олар балаларын мектепке бергенде, біраз қиындықтарға тап болатынын білмейді. Қызыма екпені дер кезінде жасаттым, енді оның денсаулығына еш алаңдамаймын. Денсаулық сақтау министрлігі мен Эпидемиологиялық қадағалау орталығының мамандары бірлесіп еуропалық стандарттарға сай жаңа заң жобасын әзірледі. Бұл құжат бойынша грузиялықтардың барлығы вакцинациялаудан өтуге міндетті. Балабақшаға мектепке баланы апарсаңыз да, тіпті жұмысқа тұруға ұмтылсаңыз да сізден екпе картасын сұрайды. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинадан келер қауіп жоқ. Өйткені екпенің денсаулыққа зияны жоқ. Эка Чхартишвили, балалар дәрігері: - Дифтерия, тетанус, полиомиелит, қызамық, желшешек, ротавирус. Осы аурудың барлығы түбегейлі жойылған жоқ. Сондықтан жұқтырып алу қаупі басым. Балалардың да, ересектердің де түрлі жұқпалы дертке шалдықпауына осы вакцина кепіл. Грузияда Ұлттық иммундау бағдарламасы инфекцияның 12 түріне қарсы туғаннан бастап 15 жасқа дейін екпе салынады. Былтырдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналардың телефондарына вакцинациялаудың уақыты туралы хабарлама жіберіліп келеді. 

Дереккөз: 24.kz

28 тамыз 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.