Атырау, 25 маусым 19:01
 дождьВ Атырау +31.8
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Хьюстон қаласында алапат су тасқыны болып жатыр

3 056 рет қаралды


АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Хьюстон қаласында болып жатқан су тасқынынан 2000 адам қауіпсіз жерге шығарылып, құтқарылды. Су тасқынына «Харви» дауылы себеп болған, деп хабарлайды Би-би-си.

Аталған штаттың басқа да аудандарында нөсер жауын құйып тұр.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, қала аумағында төтенше жағдай жарияланған, мұнда көлік қатынасы қиындап кеткен.

Сондай-ақ, бес адамның қаза тапқаны туралы дерек бар. Алайда әзірге тек 2 адамның қазасы нақтыланды.

Губернатор Грег Эбботтың сөзінше, қалаға 50 см жауын-шашын түскен. Одан бөлек 40 см жауын-шашын түсуі ықтимал.

Құтқарушылардың жұмысын қатты жел тіптен қиындатып жіберген. Оған қоса мыңдаған адам жарықсыз қалған.

Дереккөз: aikyn.kz

28 тамыз 2017, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.