Атырау, 28 қараша 15:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Samsung басшысы коррупция айыбымен 5 жылға сотталды

1 370 просмотра


Оңтүстік Корея соты Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ёнді бес жылға соттады. Ол "елдің бұрынғы президентіне пара берген" деп танылды.

Samsung басшысы тағылған айыптарды мойындамайды. Ол бұған дейінгі сотта қаржыны президенттің құрбысына қайырымдылық ретінде бөлгенін мәлімдеген.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Пак Кын Хе биыл наурыздағы импчменттен соң биліктен шеттетілді. Оны жемқорлық қылмысы, қызметін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін қамауға алды. Айыптардың көбі оның жақын құрбысына қатысты тағылған. Сеул соты маусымда бұрынғы президент Пак Кын Хенің серігі Цой Сун Силь мемлекет басшысынан заңсыз жеңілдіктер иеленген деп айыптап, үш жылға соттаған.

Тергеу тұжырымы бойынша, президенттің құрбысы елдегі ірі корпорацияларды, соның ішінде Samsung компаниясын өз бақылауындағы қорға миллиондаған доллар бөлуге мәжбүрлеген. Тергеушілер оның жемқорлық әрекетін президент Пак Кын Хе білген деп есептейді.

Дереккөз: azattyq.org

25 тамыз 2017, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.