Атырау, 28 қараша 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Роналду Еуропаның ең үздік футболшысы атанды

2 072 просмотра


Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду 2016/2017 жылғы футбол маусымының үздік ойыншысы атанды, деп жазады Массагет. 

Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды. Криштиану Роналду өткен маусымды сәтті өткізді. Чемпиондар лигасын екінші жыл қатарынан жеңіп алды. Сондай-ақ Испания Примерасында командасын алға сүйреді. Шабуылшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік шабуылшы атағын да иеленді. Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Джанлуиджи Буффон, үздік қорғаушы марапатына Серхио Рамос ие болды. Үздік жартылай қорғаушы болып Лука Модрич танылды. Қыздар арасындағы үздік ойыншы марапатына Лик Мартенс ие болды. Үздіктер Чемпиондар лигасына қатысушы командалардың жаттықтырушылары мен УЕФА құрамына енетін 52 тілшінің дауыс беруі бойынша анықталған.

Дереккөз: inform.kz

25 тамыз 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.