Атырау, 28 қараша 15:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АҚШ билігі Ливанға қарсы санкцияны біраз жеңілдетті

2 216 просмотра


АҚШ билігі Ливанға қарсы жаңа санкция жобасына халыққа және ел экономикасына әсерін азайту үшін өзгерістер енгізді. Бұл туралы Риа Новости хабарлайды. 

Financial Times мамыр айында АҚШ әкімшілігінің Ливанның басшылығына әсер етіп отырған «Хезболла» шиит тобы мен оның жақтастарына қарсы жаңа санкцияларды қарастырып жатқанын хабарлаған. Енді жаңа санкция Ливанның шиит халқына емес, нақты адамдарға ғана әсер ететін болады. Оның үстіне санкция тізімінен «Амаль» шиит тобы шығарылған. Алайда бұл нұсқаның нақты екені әзірге белгісіз. Себебі Конгресс санкцияға қатысты заң жобасын күзде қарайтын болады. Сондай-ақ, бұл жобаға қатысты АҚШ Президенті Дональд Трамптың да көзқарасы қандай екені белгісіз күйде қалып отыр. | 

Дереккөз: qazaqtimes.com

28 тамыз 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.