Атырау, 28 қараша 16:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Қытай мен Үндістан даулы аймақтан әскерлерін шығаруға келісті

1 712 просмотра


Қытай Үндістан даулы аймақ әскерлер Доклам аймағы Қытай мен Үндістан билігі шекарадағы даулы Доклам аймағынан өз әскерін шығаруға уағдаласты. 

Бұл туралы Үндістанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қос тараптың жауынгерлері екі ай бойы бір-бірімен текетіресіп келген еді. Өйткені 16 маусымда жол салып жүрген Қытай әскері Бутан шекарасына кіріп кетеді. Осыдан кейін ондағы басшылық көрші Үндістаннан көмек сұрайды. Ресми Дели мен Тхимпхудің айтуынша, бұл аймақтағы шекара сызығы нақтыланбаған. Сондықтан Қытайға тиесілі емес. Ал Бейжіңдегілер аймақты өз меншігі деп санайды. Алайда екі елдің өкілдері үздіксіз келіссөздер жүргізудің арқасында мәселені бейбіт жолмен шешті.

Дереккөз: 24.kz

29 тамыз 2017, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.