Филиппин Президенті Родриго Дутерте полицейлерге үндеу жасап, тұтқындуға қатты қарсылық көрсеткен «нақұрыстарды» өлтіруге болатынын айтты. Мәлімдеме өлтірілген жасөспірімді жерлеуге жүздеген адам жиналғаннан кейін екі күннен соң жасалды, деп хабарлайды Reuters.
Мемлекет басшысы Манила полициясының басшысы Джови Эспенидоға қарата айтқан сөзінде: «Сендердің борыштарың тұтқындауға қарсылық көрсеткен адамды сабасына түсіруді талап етеді, ал егер ол қатты қарсылық көрсетсе, ол нақұрысты өлтіре салыңдар», - деді ол.
Президент заңсыз кісі өлтіруге жол берілмейтінін және полиция өз міндетін орындау кезінде заңды басшылыққа алуы тиіс екенін атап өтті.
Дутерте өткен жылдың маусымында президент бола салысымен есірткімен күресті бастады. Сайлауалды науқаны кезінде ол елдегі қылмыс пен есірткі мафиясын жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға ант берген болатын.
Дереккөз: Baq.kz