Атырау, 28 қараша 15:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Cабаққа көлікпен баратын студенттер оқудан шығарылады

2 194 просмотра


Тәжікстан парламенті депутаттары президенттің білім беру жөніндегі заңға ұсынған өзгерістерін бірауыздан қолдады. Оған сәйкес, студенттер мен мектеп оқушыларына оқу орнына көлікпен баруға тыйым салады, деп хабарлайды Centralasian.org.

Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саидтың айтуынша, ережені бұзған жағдайда студенттер ЖОО-дан үш жылға шеттетіледі.

Осыған дейін Тәжікстанның білім министрлігі ресми сайтында оқушылардың киім киюге қатысты талаптарын жариялаған. Бұл ережеге сәйкес оқушыларға төмендегі киімдерді киюге және заттарды пайдалануға тыйым салады:

хиджаб,

тар, жыртық джинсилер, (джинсиді тек қыста киюге рұқсат беріледі),

қысқа және тар белдемше,

Жарнамасы бар футболкалар,

спорт киімдері (дене шынықтыру және сенбілік кезінен басқа),

құлаққа бірнеше сырға тағу,

макияж,

тырнақты өсіру,

сақал өсіру,

татуировка жасау.

Ал ұлттық киімдер мен тақия киюге рұқсат беріледі екен.

Дереккөз: aikyn.kz

24 тамыз 2017, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.