Австрия Италия шекара мигранттар Австрия билігі Италиямен арадағы шекарада бақылауды күшейтіп жатыр.
Тексеру жұмыстарын жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне әскерилер де қосылған. Бұл Еуропадағы ішкі көшті тежеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі. Австрия билігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда ай сайын, елге Италия арқылы мыңға жуық мигрант кіреді. Көбі жүк пойыздарымен келеді. Осыған байланысты шекарашылар жүк көліктері мен рельстердегі бақылауды күшейткен. Дегенмен, көршісінің әрекеті Италияға жақпай тұр. Өйткені екі мемлекет те Шенген аймағында орналасқан.
Дереккөз: 24.kz