Атырау, 28 қараша 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сот үкімін күткен Таиландтың экс-премьері жоғалып кетті

1 680 просмотра


2014 жылғы саяси дағдарыс кезінде қызметінен шеттетілген Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чиннават денсаулық жағдайын сылтауратып, қылмыстық ісіне қатысты үкім жарялануына келмеді, деп хабарлайды Лента.ру. 

Корольдік үкіметінің вице-премьері Правит Вонгсуван Чиннаваттың елден қашып кетуі мүмкін екендігін айтты. Оның қазір қайда екендігі туралы нақты мәліметтер жоқ. Егер 50 жастағы Таиландтың экс-премьері Чиннават кінәлі деп танылса, оны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Саясаткер қазынадан жоғалған бірнеше миллиардтар мен күріш өсіруші фермерлерді субсидиялау жүйесіне келтірілген шығындар үшін айыпталып отыр. Сот үкім шығарудың жаңа мерзімін 27 қыркүйекке белгіледі. 2013 жылдың желтоқсан айында Чиннават оппозицияның қысымынан парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге келісім берді. Бірнеше айдан кейінгі жаппай наразылықтан кейін, 2014 жылдың 22 қаңтарында королдік билігі наурыз айында алынып тасталған төтенше жағдай енгізді. 2014 жылдың 7 мамырында Конституциялық сот Чиннаватты отставкаға жіберді, 22 мамыр күні елде әскери төңкеріс жасалды. Әскерилер басқа саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің  қатарында оны да қамауға алып,  екі күннен кейін қайта босатқан болатын.  

Дереккөз: inform.kz

25 тамыз 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.