Ауғанстан жанкешті жарылыс адам шығыны Ауғанстанның Гильменд провинциясында жанкешті өзін-өзі жарып жіберді.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, салдарынан кемінде 13 адам ажал құшып, 18-і түрлі жарақат алған. Әскери жасаққа шабуыл жасаған қаскөйдің автокөлігі жарылып, маңындағы адамдарды мерт қылған. Нава қаласы басшысының сөзінше, қаза болғандардың ішінде әскерилермен қатар бейбіт тұрғындар да бар. Әзірге бұны ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Айта кетейік, 2 күн бұрын Кабулда шииттер жиналатын мешітке шабуыл жасалды. Қастандық жамағат жұма намазына жиылған кезде болған. Мұнда да жұртпен бірге келген жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Салдарынан 30 адам қаза опат болып, тағы 80-і ауруханаға түсті.
Дереккөз: 24.kz