Атырау, 10 сәуір 04:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Барлық жаңалық

ЖК жеңілдік күтеді Басқа жаңалықтар

ЖК жеңілдік күтеді

Үстіміздегі жылдың қаңтарында жаңа жылу тарифтері енгізілгеннен кейін шағын бизнес кәсіпорындарының  жағдайы мүшкілденгендігі туралы әлденеше рет жазған болатынбыз. Жылу есептегіштерімен жарақталмаған шағын дүкендер өз ғимараттарындағы батареяларды кесіп тастап, калориферлердің көмегімен жылынуға мәжбүр болып отыр. Әйтпесе, шығындар кірістен асып түсуде. 14 наурыз 2013, 00:00 2 023 рет қаралды
Біз екінші рет қайталамаймыз Мәдениет

Біз екінші рет қайталамаймыз

Наурыздың 8-і мен 11-і аралығында Атырауда Астана қаласының көңілді тапқырлар театрының «Базар жоқ» концерті өтті. Біз кезекті концерттің алдында театрдың директоры, белгілі шоумен Тұрсынбек ҚАБАТОВҚА (суретте) бірнеше сауал қойған едік. 14 наурыз 2013, 00:00 3 424 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Облыстық әкімдік пен «Аджип ҚКО» арасындағы уағдаластыққа сәйкес, Атырау мұнай және газ институтының түлектері арасынан итальяндық Турин қаласындағы университетке мұнай ісінің магистрі дәрежесіне оқу үшін 5 адам іріктелді. Байқауға барлығы 23 жас маман қатысқан. 14 наурыз 2013, 00:00 2 883 рет қаралды
Бурят жеріндегі «Дудар-ай» Мәдениет

Бурят жеріндегі «Дудар-ай»

Атыраулық әнші Әсет ӘЛИЕВ (суретте) Бурят елінің астанасында болған «Белый месяц-2013» эстрадалық әндердің халықаралық байқауынан оралды. Жігітіміз құр қол емес, «Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» құрмет дипломымен марапатталған. 14 наурыз 2013, 00:00 2 973 рет қаралды
Сағындық Мекеев: «Егер бәрін алғанда, тәулік бойы төбелесетін едік» Спорт

Сағындық Мекеев: «Егер бәрін алғанда, тәулік бойы төбелесетін едік»

Өткен демалыс күндері «Атырау» ДСК-нде панкратионнан, греплингтен, ММА (аралас айқас) және бразилиялық джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты өтті. Облыс намысын қорғауға дзюдо, самбо, қазақша күрес, джиу-джитсу федерациялары мен «Айдар» спорт клубының шәкірттері шықты. Нәтижесінде біздің команданың қоржынына 6 алтын, 4 күміс және 10 қола медаль түсті. Атырауда аралас айқастарға қызығушылық қандай? Қазақстанның панкратион, греплинг және ММА федерациясының президенті Сағындық МЕКЕЕВПЕН (суретте) болған сұхбатымды осы сауалмен бастадым. 14 наурыз 2013, 00:00 5 415 рет қаралды
22-ші чемпионат басталды Спорт

22-ші чемпионат басталды

9 наурызда футболдан 22-ші ел чемпионатының бірінші туры ойналды. Естеріңізге салсақ, биыл премьер-лигада 12 команда ойнайды: «ШАХТЕР» (Қарағанды қ.), «ЖЕТІСУ» (Талдықорған қ.), «АҚТӨБЕ» (Ақтөбе), «АСТАНА» (Астана қ.), «ЕРТІС» (Павлодар қ.), «ОРДАБАСЫ» (Шымкент қ.), «ТОБЫЛ» (Қостанай қ.), «ТАРАЗ» (Тараз қ.), «АТЫРАУ» (Атырау қ.), «ҚАЙРАТ» (Алматы қ.), «АҚЖАЙЫҚ» (Орал қ.), «Восток» (Өскемен қ.). 14 наурыз 2013, 00:00 2 875 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

9 наурызда Таразда футболдан ел біріншілігінің алғашқы матчында «Атырау» ФК жергілікті «Тараз» командасынан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды. Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде 2000-2002 ж.т. ер балалар арасында Самбет батырдың жүлдесі үшін І облыстық ашық турнир өтті. 14 наурыз 2013, 00:00 3 962 рет қаралды
Шынжырланған инвестор Басқа жаңалықтар

Шынжырланған инвестор

Қазақстандағы соңғы жылдары газ, жылу, электр қуаты, сумен қамту және кәріз жүйесі тарифтерінің өсуі инфляцияның жалпы өсімінен бір жарым есе артып отыр (статистикамен ғаламторда еркін танысуға болады). Әйтсе де, мемлекет ресми тұтыну қоржынын бағалағанда және ең төменгі жалақы мен зейнетақыны есептегенде тарифтердің секірмелі өсуін есепке алмайды. Еліміздегі көптеген отбасылардың, шағын бизнес кәсіпорындары табыстарының үштен бірі осы коммуналдық қызметтерге кетеді емес пе? 14 наурыз 2013, 00:00 2 159 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

«Дөңгелек үстел» қолайлы

12 наурызда Астанада, Алматыда, Оралда Қазақстанның Коммунистік халық партиясының (ҚКХП) бастамасымен коммуналдық қызмет тарифтерінің және азық-түлік бағаларының көтерілуіне қарсылық белгісі ретінде митингтер өтті. 14 наурыз 2013, 00:00 1 524 рет қаралды
31 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді Қазақстанда

31 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді

Ағымдағы жылдың 31-ші наурызында еліміздің 13 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында ведомство өкілі, бас сарапшы Венера Жексембекова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі. 13 наурыз 2013, 20:31 4 382 рет қаралды
Ұйқыдан оянды ма?-2 Басқа жаңалықтар

Ұйқыдан оянды ма?-2

«Самал-Атырау» тұрғын үй кешенін соңғы салушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалғандығы туралы жарияланымнан кейін («АЖ» №9, 28.02.2013 ж. «Ұйқыдан оянды ма?» жарияланымын қараңыз) редакцияға «Бонита Инжиниринг» ЖШС-нен басқа, дайын үй үшін тартысқа тағы бір тұлғаның - «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ тарату комиссиясының қосылғандығы белгілі болды. 13 наурыз 2013, 16:29 2 464 рет қаралды
Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба) Қоғам

Бақылау бекетіндегі өз адамы немесе Балық қорғаушылар партияның бастамасымен неге келіспей отыр? (+Бейнежазба)

«Нұр Отан» ХДП-ның Атырау қалалық филиалының балық қорғау инспекциясы мен су полициясы бөлімшелеріне партиялық бақылау бекеттерін құру туралы ұсынысы балық қорларын қорғаушылар тарапынан қолдау таппады. Неге облыстық балық инспекциясы браконьерлікпен күресте билеуші партиямен бірігіп әрекет еткісі келмейді? 13 наурыз 2013, 14:49 5 997 рет қаралды
Вена соты Рахат Әлиевке тағылған айыптарды растады Қазақстанда

Вена соты Рахат Әлиевке тағылған айыптарды растады

 Вена Федералдық жерінің Жоғарғы соты Рахат Әлиевке тағылған айыптарды растады. Бұл туралы бүгін LANSKY, GANZGER & PARTNER компаниясының заңгерлері Алматыда өткен баспасөз мәжілісі барысында мәлімдеді. 13 наурыз 2013, 14:29 3 215 рет қаралды
Қаламқас кеніші жұмысшыларына уәде берілді Қазақстанда

Қаламқас кеніші жұмысшыларына уәде берілді

Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде жөндеу жұмыстарымен айналысатын Oil Service Company (OSC) компаниясы жұмысшылар айлығын көтеру мәселесін 30 сәуірге дейін шешетін болды деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты. 13 наурыз 2013, 13:56 1 827 рет қаралды
Қырғыздар жұма намазын қаза қылмас үшін жексенбіні жұмамен алмастыруды ұсынды Әлемде

Қырғыздар жұма намазын қаза қылмас үшін жексенбіні жұмамен алмастыруды ұсынды

Көрші қырғыз елі жұма намазды қаза қылмас үшін аптаның соңғы жұмыс күнін жексенбімен ауыстыру туралы мәселені көтеріп жатыр. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Жогоркы Кенештің (парламент) баспасөз қызметі мәлімдеді. 13 наурыз 2013, 09:28 3 599 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Наурыздың 6-сына қараған түні Привокзальныйықшам ауданындағы жеке кәсіпкер әйелдің пәтерінен сатуға дайындап қойған 60 жұп ерлер туфлиі ұрланып кеткен. Привокзальныйда тұратын жасы 30-дағы адамға іздеу жарияланды. Полицияға Алмагүл ықшамауданының 36 жастағы тұрғыны хабарласты: гүл сататын дүкенде оны белгісіз ер адам соққыға жыққан. Тараз қаласының 30 жастағы тумасы ұсталды, оны жапа шегуші таныды. 12 наурыз 2013, 18:28 2 698 рет қаралды
Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2014 жылдан бастап кезең-кезеңмен ұлғайту жоспарлануда Қазақстанда

Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2014 жылдан бастап кезең-кезеңмен ұлғайту жоспарлануда

АСТАНА,  12  нау –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2014 жылдан бастап кезең-кезеңмен ұлғайту жоспарлануда деп мәлімдеді республиканың вице-премьер-министрі Қайрат Келімбетов сейсенбіде «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобасын (жаңа редакция) таныстыру кезінде. 12 наурыз 2013, 16:10 3 732 рет қаралды