Ағымдағы жылдың 31-ші наурызында еліміздің 13 өңірінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында ведомство өкілі, бас сарапшы Венера Жексембекова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz. тілшісі.
«Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні республиканың 13 өңірінде 52 сайлау округында орнынан кеткен мәслихат депутаттарына сайлау өтеді. Облыстық мәслихаттардың - 6, қалалық мәслитаттардың – 13 және аудандық мәслитаттардың 38 депутаты сайланатын болады»,-деді ол. Жексембекованың айтуынша, сайлау комиссиясына 167 кандидат ұсынылған, оның 59-ы саяси партиялардан, ал қалған 108-і өзін өзі ұсынушылар. 157 адам тіркеліпті, 119-ы ерлер, ал 38-і әйелдер.
«16-шы наурыздан бастап азаматтар сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімімен таныса алады. Сайлауалды кампания 29-шы наурызда аяқталып, 31 күні дауыс беріледі»,-деді түсіндірді ОСК өкілі.
Дереккөз: bnews.kz