
Қазақстанда еңбек көші-қонының бағыты өзгеріп келеді — мамандар алыс шетелге емес, көрші Өзбекстанға жиі қоныс аударуда, деп хабарлайды Digital Business..
Экономистердің айтуынша, Өзбекстан соңғы жылдары қарқынды реформалар жүргізіп, қазақстандық қаржыгерлерді, ІТ-мамандарды, HR-менеджерлерді және орта буын басшыларын тарта бастады.
- Негізгі себеп — жалақы. Орта есеппен қазақстандық мамандардың табысы Өзбекстанда 50–100%-ға артады, кей жағдайларда екі есеге дейін өседі. Көптеген жұмыс берушілер қосымша тұрғын үй жалдау шығындарын да өтейді.
- Кәсіби фактор. Мамандар күрделі жобаларға қатысуға және қарқынды дамып жатқан нарықта тәжірибе жинауға мүмкіндік алады.
- Халықаралық тәжірибе. Жұмысшылардың жартысына жуығы Өзбекстанды шетелдік мансапқа шығатын «трамплин» ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, олар бюрократия, бизнес-ортаның жеткілікті дамымауы және корпоративтік мәдениеттегі айырмашылықтар сияқты қиындықтарға тап болады. Дегенмен, жоғары жалақы бұл кемшіліктерді жиі өтейді.
Сарапшылардың айтуынша, қазірдің өзінде Өзбекстанда 1000-ға жуық қазақстандық маман жұмыс істейді. Негізгі ағын ІТ, қаржы, HR және сату салаларына тиесілі. Бұл жағдай Қазақстандағы басқарушылық буынның әлсіреуіне және компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
В Атырау -10