
Израиль әскері АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімге қол жеткізілген соң елдегі бұрын енгізілген шектеулердің басым бөлігін алып тастады, деп хабарлайды АА.
Тыл қолбасшылығы шешімнің 9 сәуір күні таңғы 06:00-ден бастап күшіне енгенін хабарлады.
- Білім беру: Елдің көп бөлігінде дәстүрлі сабақтар қайта басталды. Солтүстік аймақтарда (Ливан шекарасы, Голан жоталары, Хайфа маңы) тек паналау орындары бар ғимараттарда оқуға рұқсат етілді.
- Жұмыс орындары: Солтүстік өңірлерде кәсіпорындар тек паналау орындарына жақын болса ғана ашылады.
- Жиналыстар: Жабық ғимараттарда 200 адамға дейін, ашық алаңда 50 адамға дейін жиналуға рұқсат берілді.
- Қалған аумақтарда: Барлық дерлік шектеулер алынып, оқу мен жұмыс толық қалпына келді.
Бұған дейін шектеулер Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдарынан кейін енгізілген еді. 5 наурызда билік экономикалық жағдайдың нашарлау қаупіне байланысты кейбір шараларды жұмсартқан болатын.
В Атырау -10