Атырау, 11 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

22-ші чемпионат басталды

2 689 просмотра

9 наурызда футболдан 22-ші ел чемпионатының бірінші туры ойналды. Естеріңізге салсақ, биыл премьер-лигада 12 команда ойнайды: «ШАХТЕР» (Қарағанды қ.), «ЖЕТІСУ» (Талдықорған қ.), «АҚТӨБЕ» (Ақтөбе), «АСТАНА» (Астана қ.), «ЕРТІС» (Павлодар қ.), «ОРДАБАСЫ» (Шымкент қ.), «ТОБЫЛ» (Қостанай қ.), «ТАРАЗ» (Тараз қ.), «АТЫРАУ» (Атырау қ.), «ҚАЙРАТ» (Алматы қ.), «АҚЖАЙЫҚ» (Орал қ.), «Восток» (Өскемен қ.).

2013 жылғы маусымда чемпионат алдымен «классикалық» үлгіде екі айналымда өтеді, ал екінші кезеңде үздік шыққан алтылық жүлделі орындарды сарапқа салса, екінші алтылық премьер-лигада болу құқықтары үшін ойнайды. 12 команда тікелей шығып қалып, 11 команда 1-лиганың екінші орнымен өтпелі ойындар өткізеді.

Клубтардың өтінімдерге қосатын легионерлер саны да 5-тен 7-ге дейін көбейтілді, бір ескеретіні, матч хаттамасына тек 5 легионер ғана қосыла алады.

Өкініштісі, «Атырау» ФК-ның ойыншыларды жариялау науқанының қарсаңында өз футболшылары мен қызметкерлері алдында қаржылық борыштары болып, осыған байланысты ойыншылар трансферлерін тіркеуге тыйым салынған еді. ҚФФ-ның Дауларды шешу палатасының «Атырау» ФК үшін қарыздарды жоюға белгілеген кезекті мерзімі – 26 наурыз. Егер клуб осы мерзімге үлгермесе, одан 6 ұпайды шегеру туралы шешім қабылданады. Палата шешімін одан кейін де орындамау «Атырау» командасын чемпионаттан шығаруға әкеліп соқтырады.

Биылғы жылдан бастап «Мұнайшы» стадионынан жазатын журналистерді Интернетпен қамтамасыз етеміз. Өткен жылдан бері «Атырау» ФК өзінің екі тілді ресми сайтынан үй ойындарынан онлайн трансляциялар жүргізіп келеді.

Облыста бүгінгі күні Бірінші лигада ойнайтын шеберлер командасы жоқ. Қосалқы құрамның ойыншылары ешқайда бара алмайды, сондықтан да талантты жергілікті жастар футболмен ерте қоштасады. Жаңадан шыққан Чуреевтер, Радионовтар, Татишевтер мен Шомаевтар көптен көрінген жоқ. Әр түрлі себептермен Сұлтанбек Ерғалиев, Василий Лобашов, Константин Баграмян, Ернар Дүйсенов, Лесбек Досымов, Радик Айтжанов сияқты талантты жас ойыншылар футболды ерте тастап кетті. Қаладағы белгілі ынталы топтың бастамасымен құрылған «Мұнайлы» командасы жойылып кетті. Бірінші лигада өнер көрсететін мұнайшылар қаласы Құлсарыдан команда құру туралы тағы да ойлану керек сияқты.

«Атырау» құрамында көптеген өзгерістер бар. Командадан Егор Азовский, Санат Шалекенов, Боян Тркуля, Никита Хохлов, Сергей Ларин, Тельман Зунунов, Максим Семенов, Сергей Шафф, Ханнес Сигурдссон, Николай Сараев, Фаусто, Да Силва, Владислав Кузьмин, Владимир Буач сияқты ойыншылар кетті. Қорғаушы Максим Жалмағамбетов («Ордабасы»), жартылай қорғаушылар Роман Пахолюк («Ордабасы»), Асылан Дарабаев («Ақтөбе»), Алексей Шакин («Восток»), Ерлан Тұрашбаев  («Шахтер»), Георгий Пейкришвили (Грузия), шабуылшылар Иован Голич («Спартак», Нальчик), Виталий Головешкин («Ертіс»),  Микаэль Антуан Кюрье (Франция) және Бейбит Татишев «(Байтерек» Астана) сынды аяқдоп ойыншылары келді.

Бас бапкер Миодраг Радуловичке жаңа маусымда черногориялық отандастары Милин Чурчич пен Зелжко Болжевич, сондай-ақ қақпашылардың жаттықтырушысы Сергей Чекмезов көмектеседі.

Әрине, қандайма қиын кездер болса да, командамызға чемпионатта сәтті өнер көрсетуді тілегіміз келеді.

Алтынбек Нысанғалиев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.