Атырау, 27 желтоқсан 02:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Биыл газ бен жарық қайда жүргізіледі?

1 702 просмотра

Биыл қалалық бюджеттен қала мен қала маңындағы ауылдардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын салуға 2,5 млрд теңге бөлінді.

Қалалық ТКШ құрылыс бөлімінің бастығы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢ айтуынша, бұл қаржыға 17 елді мекен мен ықшамаудандарда: Бірлік, Атырау, Дамбы, Томарлы-2, Талғайраң, Тасқала-2 және 3 селоларында, Өркен-2, Сарықамыс-2, Ақжар, Водников-2, Еркінқала, Ақсай, Жаңаталап, Жұлдыз-3, Жұлдыз-2 ықшамаудандары газдендірілмек. Водников-2, Ракуш-2, Жұмыскер-1 селоларында электрмен қамту жұмыстары басталады. Бұдан басқа, Ақжар поселкесінде су құбыры желісін қайта жарақтау жұмысы жүргізіледі. Мұнымен қатар, Водников-3, Атырау ы/а, Көкарна поселкесінде, Нұрсая-3 ы/а, Қайнар (Тасқала-4) поселкесінде газдендіру және электрмен, сумен қамту желілерін салуға жобалау-сметалық құжаттама жасау басталмақ. Бұған 100 млн теңге бөлінді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.