
Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен қазақтың спортшы қыздарын құттықтады.
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтіп, құттықтау жолдады.
Мемлекет басшысы ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Улан-Баторда 9 сәуірде аяқталған бокстан Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы медальдық есепте екінші орынды иеленді.
Отандық спортшылар турнир барысында барлығы бес медаль жеңіп алды:
Алтын: Дина Исламбекова мен Надежда Рябец Азия чемпионы атанды;
Күміс: Бақыт Сейдіш жүлдегерлер қатарынан көрінді;
Қола: Әйгерім Сәттібаева мен Валентина Хальзова құрама қоржынына қола жүлде салды.
Жалпы есепте Үндістан құрамасы (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) көш бастады. Үздік үштікті Қытай елінің өкілдері түйіндеді.
Айта кетейік, айтулы додаға Азияның тоғыз елінен келген ең мықты былғары қолғап шеберлері қатысып, бақ сынады.
В Атырау -10