Атырау, 23 қараша 02:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудың сырлы жауһарлары

6 626 просмотра

8 наурыз мерекесі қарсаңында«Ақ Желкен» шығармашылық орталығында ашылған жергілікті суретші және шебер қыз-келіншектердің жұмыс көрмелері осылай аталды.

…Терезеден өңменіңнен өтетін жел ұйтқып тұр, ал картиналардан көктем сәулесі төгіледі. Залға кірген көрермендер әр әйелге ұнамды бейнелер мен туындылар бар ерекше әлемге енгендерін бірден түсінеді. Әлемнің романтикаға толы қалаларының пейзаждары, демалыс күндерінен жағымды естеліктер, сюжеттік картиналар – сүйікті кітаптарымыздағы иллюстрациялар, естеліктер, жақын құрбылардың портреттері, бала кезімізден белгілі әжелер тоқыған кілемдер мен көрпелердегі ою-өрнектер, майлы бояумен салынған, моншақпен және жіппен кестеленген, ұлутастан және басқа да материалдардан жасалған әдемі гүлдер. Көрмеге 100-ден аса туындылар қойылған. Олардың көпшілігінің авторлары оқырмандарымызға жақсы таныс. Олар: Жазира МҰҚСИЕВА, Гүлшат ИМАНҒАЛИЕВА, Светлана ГУЗЕВА, Лаура ТІЛЕКБАЙ, Құндыз НҰРҒАЛИЕВА, Любовь АГЕЕВА, Надежда ЭКСУЗЬЯН, Халифа МУСИНА және басқалар.

Бұлардың әрқайсысының өз жолы бар. Материалдық игілік соңғы орында тұрмаса да, өздерін мойындағанын қаласа да, олар атақ-даңққа бөленуді немесе баюды мақсат етпейді. Әйелге ең алдымен өз болмысын жеткізу маңызды. Олардың көпшілігі алғаш рет қылқаламды немесе инені қолдарына алғанда, үлкен көрмелер туралы ойламаған. Туындыларын өздері үшін жасап шығарып, туыстары мен достарына тарту етіпті. Құндыз НҰРҒАЛИЕВА – соның айқын дәлелі. Мамандығы мұғалім Құндыз оқушыларын тастап кетуді ойына алған емес. Ал картиналар – қиялымен өз картиналарында бейнеленген жерлерге барып, кейіпкерлерінің өмірімен тіршілік ету әдісі. Құндыздың жұмыстары қызықты сюжеттермен және ашық бояуларымен көз тартады. Тек жақындап көргенде ғана оның кенепке майлы бояумен салынбай, кестеленгенін байқайсыз.

70 жастағы Қаршыға ҚОЙШЫБАЕВА (суретте) – конкурстағы ең тәжірибелі шебер. Қазір оның өзінің алғашқы кілемін қалай жасағаны есінде жоқ. Ол бұл іспен өмір бойына айналысып келе жатқандай көрінеді. Оның анасы да, әжесі де асқан шеберлер болған екен. Қиын-қыстау кезеңде бұл кәсіп оған және оның отбасына материалдық тұрғыда көп көмектескен көрінеді. Алайда соңғы уақытта ол өз жұмыстарын сатып жүрген жоқ, сүйікті немерелеріне қалдырмақ. Ал еңбектерін көрмеге қоюға алып келген, мұндай әдемілікті жасыруға болмайды ғой. Егер тамашалағыңыз келсе, келіңіздер, көрме 17 наурызға дейін жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.