
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда катер баржаны сүйреп барады, ал суға ау салынып жатқаны көрінеді.
Пайдаланушылар түсірілім 9 сәуірде, яғни «дневкада» жасалған болуы мүмкін деп болжады. Бұл уақытта әдетте кәсіптік балық аулауға тыйым салынады.
Кадрларда баржаны ZH-2-007 борт нөмірлі катердің сүйреп бара жатқаны көрініп тұр.
Ахуалға Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Олег Тушканов түсініктеме берді:
«Бұл – бекітілген учаскесінде жұмыс істеп жатқан бекіре балығы зауыты», – деді ол.
Оның айтуынша, «дневка» шектеулері кәсіптік аулауға қатысты. Ал бекіре зауыттары мемлекеттік тапсырыс бойынша балықты көбейту жұмыстарын жүргізеді, сондықтан олардың қызметіне мұндай шектеулер қолданылмайды.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Әлеуметтік желіден алынған видео
В Атырау -10