Атырау, 4 қазан 16:43
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Теңіз түбінен канал қазылмақ

3 026 просмотра

11 наурызда «Ренессанс» қонақ үйінде «Жүктерді тасымалдау бағыты» техникалық-экономикалық негіздемесіне қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау» жобасы бойынша жұртшылық тыңдауы болып өтті.

Тапсырыс беруші – «ТеңізСервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК еншілес компаниясы. Бұл инвестициялық жоба - Солтүстік Каспийдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі теңіз түбінен ұзындығы 50 км және тереңдігі 5 метрге дейін болатын кеме жүретін каналды қазу үшін Прорваға жақын маңдағы теңіз жағалауынан түрлі жүктерді тиеу/түсіру үшін айлақ кешенін салуды, суға кеткен жағалау аймағына жалпы қолданыстағы жолдарға дейін ұзындығы 10-20 км болатын бөгет-жолдар төсеуді қарастырады.

Жоба жүктерді жағалауға және кері қарай Солтүстік Каспийдің теңіз кенішінен жеткізуді жеңілдетеді. Алайда жүк Қашағаннан келе ме, әлде Еділ арқылы Еуропадан әкеліне ме, канал үшін айырмашылығы жоқ.

«ТеңізСервис» ЖШС директоры Ғ. ҚҰСАЙЫН«ТеңізСервис» ЖШС директоры Ғ. ҚҰСАЙЫН«ТеңізСервис» директоры Ғазиз ҚҰСАЙЫННЫҢ айтуынша, жоба Қашаған, КМОК, Сәтпаев, Жамбыл, Теңіз, Ембімұнайгаз, Оңтүстік және т.б. құрлықтағы және теңіздегі кеніштерді игеретін компанияларға арналған. Яғни, әлеуетті серіктестер ­– бұлар НКОК, ТШО, ҚМГ секілді компаниялар.

Жобаны жүзеге асыру қысқа мерзімді (2013-15 жылдар) болса да, әзірге серіктестік туралы (ҚМГ-ның өзінен басқа) ешқандай келісім жоқ.

Жобаның құны мемлекеттік сараптама жасалғаннан кейін, шамамен мамыр-маусым айларында мәлім етілетін болады.

«Теңіз-Сервистің» мердігерлері: «Виттевеен+Бос Каспиан» ЖШС (голландықтар құрған қазақстандық компания) – техникалық-экономикалық негіздемені, «Терра» Дистанциялық зондтау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС – қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау жобасын жұртшылық назарына ұсынды.

Ең алдымен голландықтар каналдың суасты жағалауларына қалдырмақ боп отырған топырақ үйіндісіне қатысты сын айтылды.

«Виттевеен+Бос Каспиан» компаниясының аға инженері Б. ЛЕВИН«Виттевеен+Бос Каспиан» компаниясының аға инженері Б. ЛЕВИН

- Су астында топырақ үйінділерін қалдырмауға болмай ма? – деген балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Бостан СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ сұрағына «Виттевеен+Бос Каспиан» компаниясының аға инженері Бернард ЛЕВИН:

- Топырақты жағаға шығару көп уақытты және қомақты ақшаны қажет етеді, - деп жауап берді.

Бұл күткеніміздей, қаржылық тұрғыда пайдасыз екен. Сүлейменов бұл жауапқа қанағаттанбады.

Бұдан бұрын «Терра» өкілі Татьяна Шмелева хабарлағандай, канал салу үшін қарастырылған учаске бағалы тұқымды балықтардың уылдырық шашатын жолдарына жанаспайды екен. 2003-11 жылдардағы Аджип мониторингісінің мәліметтері бойынша, басқа тұқымдастар аз: маусымға байланысты бір шаршы километрге 1-20 бастан жүреді екен.

- Бірақ олар жоба авторларыбөгеп тастайтын «дәліздерді» таба ала ма? – деп қоймады Сүлейменов. Бәлкім, қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасы айтып беретін шығар.

Қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (ҚОӘАБ) – алдын ала шолу жасау секілді болғандықтан, түрлі басқармалардың тыңдалымға шақырылған шенеуніктері қойған көптеген сұрақтар жауапсыз қалды. Өйткені олар нақты деректерге: қаржылық мәліметтерге, болжамды тәуекелдерге, зиян сомасына... негізделген еді.

«Ақ Жайық» резерватының гидробиологы Ирина АМИНОВА әріптестеріне ҚОӘАБ жалпы зерттеу ғана екенін, нақтылықты қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасынан талап еткен жөн екенін айтты. Бұл жоба бойынша тыңдалым сәуір айына жоспарланған.

ҮЕҰ-дарды болашақта каналдың мұнай өнімдерін тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі алаңдатты.

Жалпы жобаны жылы шыраймен қабылдады. Бұл мұндай тыңдалым үшін сирек жағдай болатын. Әзірге қатысушылардың көпшілігі «Каспий табиғаты» ҮЕҰ төрағасы Махамбет ХАКІМОВТІҢ Прорва маңындағы каналдың қаупі азырақ деген пікірін қостады:

- Бұл өткен жылы Теңізшевройлдың Жайық сағасы арқылы жүк тасымалдау ұсынысына қарағанда қолайлырақ. Ол өзен мен оның сағасы үшін шамадан тыс жүк болар еді.

Тыңдалымға қатысушылардың бүкіл пікірлері хаттамаға енгізілді. Құсайынның айтуынша, олардың барлығы қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасын жасақтау кезінде ескерілетін болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

12 наурыз 2013, 20:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.