Атырау, 11 желтоқсан 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қытайда шахтаға газ кетуі салдарынан 21 жұмысшы қаза тапты

2 637 просмотра

Қытайда шахтада газдың лықсып шығуы салдарынан 21 жұмысшы оқиға орын алған жерде қаза тапты. Тағы 4 жұмысшы хабарсыз кетті. Бұл туралы РТР-«Вести» телеарнасы хабарлады.

Оқиға 13 наурызға қараған күні кешке Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысындағы Мачан шахтасында болған. Газ тарай бастаған кезде забойда 83 кенші жұмыс істеп жатқан. Бұлардың 58-і сол сәтте сыртқа шығып үлгеріпті. Қалғандары улы газдың уысынан шыға алмай қалған.

Қазір апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінде Қытайдағы тау-кен өндіру саласы әлемдегі ең қауіпті орындардың бірі болып саналады. Жыл сайын мұнда мыңдаған шахтерлер жер астында орын алған алуан түрлі апаттардың салдарынан қаза тауып жатады екен.

Дереккөз: egemen.kz

13 наурыз 2013, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.