Атырау, 25 қараша 12:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қысқа қайырғанда

2 697 просмотра

Облыстық әкімдік пен «Аджип ҚКО» арасындағы уағдаластыққа сәйкес, Атырау мұнай және газ институтының түлектері арасынан итальяндық Турин қаласындағы университетке мұнай ісінің магистрі дәрежесіне оқу үшін 5 адам іріктелді. Байқауға барлығы 23 жас маман қатысқан.

***

Облыста мемлекеттік тілдерді меңгеру - Қазақстандағы ең жоғарғы деңгейлердің бірінде, - деп хабарлады облыстық әкімдікте өткен апталық брифингте. Халықтың 97 пайызы қазақ тілін, 92 пайызы – орыс тілін, 6,7 пайызы – ағылшын тілін меңгерген. Облыстағы 198 мектептің 138-інде сабақ қазақ тілінде, 5 мектепте – орыс тілінде және 55 мектепте – қазақ және орыс тілдерінде өтеді.   

***

Жақында 2012 жылдың қазанында Махамбет ауданынан баспана алған Қазыбаев атындағы мектеп-интернаттың бұрынғы 11 тәрбиеленушісінің әрқайсысына 250 мың теңге мөлшерінде ақшалай көмекқаржы бөлінді. Оларға баспанаға жөндеу жүргізуге және жылытуға арналған қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.