Атырау, 23 қараша 02:16
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бурят жеріндегі «Дудар-ай»

2 816 просмотра

Атыраулық әнші Әсет ӘЛИЕВ (суретте) Бурят елінің астанасында болған «Белый месяц-2013» эстрадалық әндердің халықаралық байқауынан оралды. Жігітіміз құр қол емес, «Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» құрмет дипломымен марапатталған.

Бурят мемлекеттік опера және балет театрында өткен байқауға Бурятиядан, Хакасиядан, Қалмақ елінен, Татарстаннан, Сахадан (Якутия), Дағыстаннан, Армениядан, Қытайдан, Монғолиядан, Польша мен Жапониядан 2 мыңнан аса орындаушылар қатысты. Қазақстан атынан екі атыраулық әнші қатысты. Бірі – «Елге сәлем» және «Дудар-ай» әндерін айтқан Әсет, екіншісі – Венера Машқалиева.

Анастасия ПАСТУХОВА

14 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.