Атырау, 20 желтоқсан 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Арықтағың келе ме? Зейнетақымен күн көр Экономика

Арықтағың келе ме? Зейнетақымен күн көр

Жыл басынан бері зейнетақылар 9 пайызға өсті. Енді төменгі зейнетақы мөлшері (оны жарты миллион қазақстандық алады) 26 мың теңгеден сәл асады. Мен бұл ақшамен қалай күн көруге болатынын байқап көруді ұйғардым.  9 ақпан 2012, 17:25 3 726 рет қаралды
Тәнi саудың– жаны сау Қоғам

Тәнi саудың– жаны сау

Етжегiштер еліндегі вегетариандар Қазы, қарта, шұжық, жал, жая кез-келген қазақтың жанына жағар сөз болса, бесбармақ – әлем тағамдарының мұрасына енгізілген біздің ұлттық мақтанышымыз. Мұндай шұрайлы астың қасында «вегетариандық тамақтану» деген ұғым қалайша үйлессін? Олар жалпы немен қоректенеді, қажетті заттарын қайдан алады және бастысы – оларға бұл не үшін қажет? 9 ақпан 2012, 17:15 4 600 рет қаралды
Қармаққа ілінді Басқа жаңалықтар

Қармаққа ілінді

Дамбы балық қорғау инспекциясының бастығы Ибрай ЕСМҰРАТОВ пен кәсіпкер Раиса СҮНДЕТОВАНЫҢ  тартысы: кім жеңеді? Өткен жыл қара балық аулаумен айналысатын кәсіпкер Раиса СҮНДЕТОВА (суретте) үшін сәтсіз аяқталды деп айта салсақ ол құр сөз ғана болар еді. Ал шындығына келгенде жыл соңында оның шағын бизнесі толығымен күйреп тынды. 9 ақпан 2012, 17:07 3 300 рет қаралды
- 30 меже емес Басқа жаңалықтар

- 30 меже емес

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бас синоптигі Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, сенбіге қараған түні,  4 ақпанда  осы қыс ішіндегі Атырауда болған ең төменгі температура -  минус 27 градус тіркелді.  Облыста дәл сол күні  термометр бағаны Сағыз теміржол стансасында  -30 градусты көрсетті. Синоптиктер одан кейін де аяздың болатындығын ескертеді, облыстың шығыс жақ бөлігін – қар басады. 9 ақпан 2012, 17:03 2 204 рет қаралды
Индерге қауiп тұз шахтасынан келмесiн Басқа жаңалықтар

Индерге қауiп тұз шахтасынан келмесiн

- Бергей СӘУЛЕБАЙҰЛЫ, ашық-шашық жатқан тұз шахтасы туралы  «АЖ» газетінде мәселе көтерілді. Мен де проблемасы мен қауіптілігін айтып, Сіздерге хат жолдағанмын. Бірақ содан жауап жоқ,-деді геолог Хасан ҚАМАШЕВ. - Бірде-бір хат аяқсыз қалмайды. Бұл мәселе ойластырылып жатыр,-деп мәлімдеді облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ. 9 ақпан 2012, 16:54 4 490 рет қаралды
Бүлінген көліктердің шығынын кім өтейді? Басқа жаңалықтар

Бүлінген көліктердің шығынын кім өтейді?

Абай көшесіндегі бес қабатты 17-үйдің шатырынан түскен қар көшкіні подъезд алдына қойылған екі көліктің үстіне түсті: көлік әйнектері сынып, төбелері жапырылып қалыпты. Оның қожайындарына тигізілген зиянды кім өтейді? 9 ақпан 2012, 16:49 2 639 рет қаралды
Қош бол, «Сименс»! Басқа жаңалықтар

Қош бол, «Сименс»!

Жаңа жылдың алдында ғана «Атырау Энергосату» компаниясы алдын-ала төлем жүргізуші «Сименс» есептегіштерін қолданушы өзінің абоненттеріне электр энергиясын есептеуші бұл құралды міндетті түрде ауыстыру  қажеттілігін хабарлаған еді. 9 ақпан 2012, 16:46 2 060 рет қаралды
Оқиға

Акт үшін ақы алған

Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес департаменті Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің екі бас маманына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 301-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 9 ақпан 2012, 16:36 2 631 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қашқын әкелер қамауға алынды

Облыстық прокуратураның «Балаңды ұмытпа, алимент төле!» акциясы басталғалы өздерінің әкелік борыштарын мүлдем ұмытып кеткен алты әкей қамауға алынды. Мерзімі  көп  емес - 15 тәулік, бірақ, айықтыратындай әсер етеді. 9 ақпан 2012, 16:30 2 233 рет қаралды
Иттер шабуылға шықты Басқа жаңалықтар

Иттер шабуылға шықты

Атырау тұрғындары травматологиялық қосынға жиі  түсетін болды:  қаңғыбас иттер өткінші адамдарға шабуыл жасап, қауып алуда. Төртаяқтылардың осынау  қауіпті тәртібінің себебін анықтауға біздің тілшіміз де тырысып көрді. 9 ақпан 2012, 15:51 5 926 рет қаралды
Әйелді қойлар құтқарды Басқа жаңалықтар

Әйелді қойлар құтқарды

Құрманғазы ауданында ғажайып оқиға болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г. МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ақпанның 1-дегі борасында  27 жастағы әйел адам – «Мақаш» шаруа қожалығы шопанының зайыбы 250 қой отарымен жоғалып кеткен. 9 ақпан 2012, 15:47 6 469 рет қаралды
Миллионнан қағылған жолаушы Оқиға

Миллионнан қағылған жолаушы

Облыстық ІІД хабарлағандай, 6 ақпан күні сағат 13.20-да Қайырғали Смағұлов бульвары ауданында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 16 жарты литрлік құтыларға салынған қара уылдырықты сатпақшы болған 20 жастағы «Хундай» автокөлігінің жолаушысын ұстады. 9 ақпан 2012, 15:25 3 012 рет қаралды
Гипертониктер мектепке баруды қалайды  Басқа жаңалықтар

Гипертониктер мектепке баруды қалайды

«Қан қысымын бақылауға алу керек» деген мақала жарық көргеннен кейін редакцияға «гипертониктерге арналған мектептің» қай жерде ашылатынын нақтылау өтінішімен соғылған қоңыраулар көп түсті. 9 ақпан 2012, 00:59 3 895 рет қаралды