Атырау, 11 қараша 01:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Полиция сот залынан қашып кеткен Пәкістанның бұрынғы президентін ұстады

2 553 просмотра
АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Жуырда ғана сот залынан қашып кеткен Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф Исламабад маңындағы өз үйінде құқық қорғаушылардың қолына түсті.

Саясаткерді тұтқындау операциясы жергілікті телеарналарда тікелей эфирден көрсетілді, деп хабарлады РБК.

Таяу аралықта тағы да сот алдына келетін оған мемлекетке опасыздық танытты деген айып тағылмақ. Бұрынғы президент «Бүкілпәкістандық мұсылмандар лигасы» партиясының көшбасшысы.  

Естеріңізге сала кетейік, саясаткер 5 жылға созылған қуғыннан кейін осы жылдың наурыз айында парламенттік сайлауға қатысу мақсатымен Пәкістанға оралған болатын. Дегенмен ел президенті болып тұрған 2007 жылы Конституцияны бұзғаны үшін сот оның сайлауға түсуіне шектеу қойған-ды. Ол  2008 жылы өз еркімен президенттік лауазымнан кетіп, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ұлыбританияда тұрды. Ал, елден бой тасалауына премьер-министр Беназир Бхутто өліміне қатысы бар деген айыптаулар түрткі болды.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысының өкілдері егер де П.Мушарраф Пәкістанға оралатын болса қастандық жасайтындықтарын мәлімдеп, қоқан-лоқы жасаған еді. Алайда бұрынғы президент мұндай қорқытудан айылын да жиған жоқ.

Дереккөз: inform.kz

19 сәуір 2013, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.