Фото: kub.info АСТАНА, 18 сәу –Қазақстан жаңалықтары АА. «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Ерлан Татишев қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
«Жедел тергеу тобы тергеу кезінде «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Ерлан Татишев қаржы жымқыруға қатысы бар екенін анықтады. 2013 жылғы 16 сәуірле Татишев ұсталды және Алматы қаласы уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп ақпараттандырды Жұманбай бейсенбіде брифингте.
Сонымен қатар, 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстанның бас прокуратурасы «БТА Банктің» қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі қаржы полициясына ары қарай тексеру үшін тапсырды.
Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.
Дереккөз: newskaz.kz