Данияр ЕРЕНЧИНОВ.Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Данияр ЕРЕНЧИНОВ Атырауға келген сапарында Қашағандағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады.
Д. Еренчиновтыңайтуынша, «NCOC» компаниясынаілеспегаздыөртеукөлеміне қатысты экологтардыжартыжылбойынамазалағансауалдар болған. Нәтижесінде комитет оның екі еседен астам – жылына Қарабатандағы құрылық құрылыстарының 78-ден 33 мың тоннаға дейін және Қашағандағы теңіз құрылыстарының 73-тен 31 мың тоннаға дейін төмендеуіне қол жеткізген. Компания осы мәселеде табиғат қорғау заңнамасының сақталуына жауапты қараған, деп есептейді Еренчинов:
- Біздің ескертулеріміз қабылданған. Бүгінгі күні ілеспе газды өртеу көлемі бойынша сұрақтарымыз жоқ. Ал сұйық қалдықтарды сақтау бойынша, яғни, мұнайдан бөлінетін суға қатысты «оны қайда тазартып, сақтап, жояды екен» деген сұрағымыз бар. Егер компания бұл проблеманы шешпесе, бізде қатаң талаптар туындайды.
Мұнайдан бөлінген күкіртті сақтау мәселесі бойынша Д. Еренчинов 1-кезеңде «Болашақ» зауыты тәулігіне 1,5 мың тонна күкірт өндіретіндігін хабарлады. Оны полигонға орналастырып, арнайы үлдірмен жауып қояды екен. Қазір дүние жүзінде күкірт үлкен сұранысқа ие. Ол Қазақстандағы экспортты тауарлардың бірі болып табылады. Лайықты маркетинг болған жағдайда күкіртті өткізуге қатысты проблема болмайтындығына Еренчинов сенімді болып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ