Фото: pravda-team.ru Техас штатындағы химиялық зауытта болған жарылыстан 60-70 адам қаза болды. Бұл туралы РБК «KWTX» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жарылыс болған Вест қаласының картасы. Суретте Техастағы жарылыстың эпиорталығы (қызыл шеңбер). Жарылыс ауруханалар мен мектептерге де әсер етпей қоймады. Фото: svoboda.org.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 19:50 шамасында зауытта жарылыс болған. Аммиак атылғаннан кейін өрт басталған. Жақын маңдағы қарттар үйі мен мектеп ғимаратын да жалын шарпыған.
Қарттар үйіндегі кейбір адамдар сыртқа шыға алмай өрттің құрбаны болды. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен дәрігерлер апаттың зардаптарын жоюға жұмылдырылды. 6 өрт сөндіру тікұшақтары жарақат алғандарды ауруханаға жеткізуде.
Жойқын жарылыстан жүздеген адам зардап шеккен, қалада 70-ке жуық үй қирады.
Техас губернаторы Рик Перри жағдайды өз бақылауына алды. Жергілікті телеарна арқылы Уэста тұрғындарына жарылыс аймағына жақындамауға кеңес берілді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құтқарушылар кәсіпорынға лаңкестік әрекет жасалды сондықтан тағы да жарылыс болуы мүмкін деп ойлап, құтқару жұмыстарын кешірек бастаған. Әзірге апаттың себептері белгісіз.
Дереккөз: bnews.kz