Атырау, 23 қазан 02:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Рейтер агенттігі қателесіп, атақты қаржыгер Соросты «өлтіріп алған»

2 407 просмотра

Джордж СОРОС.Джордж СОРОС.

Рейтер агентгі «Джордж Сорос өлді» деп жаңылысып қазанама жариялады. Қазанамада танымал қаржыгердің өмірі өткен шақпен баяндалған, деп хабарлайды rbc.ru сайты.

«Джордж Сорос, осынау жылы осындай уақытта өлген, өте танымал әрі табысты қаржыгер, инвестор, алайда млрд-таған табыс әкелген капитализм қоғамын көп жылдар бойы сынап келді», деп жазылған жазбада.

Біршама уақыттан соң агенттік ресми жарияланған қазанаманың қате басылғанын мойындады. «Рейтер қаржыгер Джордж Соросқа арналған қазанаманы жаңылыс беріп қойды. Оның ресми өкілдері Сорос көзі тірі, әрі дін аман екендігін  хабарлады. Біз бұндай қателікке жол бергенімізге өкініш білдіреміз»,- деп Рейтер бұрын жариялаған қазанамасын жоққа шығарды.

Дж. Сорос 82 қазір жаста. Жасы келгенімен ол әлі де көпшілік алдына шығып, әлем экономикасы туралы пікірін білдіріп отырады. Тіпті, бірнеше ай бұрын еуро аумағы мен ресейлік нарықтың дағдарысқа ұшырайтыны туралы болжам жасаған. Алайда Соростың бұл болжамына сарапшылар сене қоймап еді.

Дереккөз: bnews.kz

19 сәуір 2013, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.