Атырау, 25 қараша 16:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қала тұрғындарына арналған сынақ

1 702 просмотра

16 сәуірде бүкіл Атырауда жылудан кейін ыстық су ажыратылып тасталды. Не болды екен?

«Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВТЫҢ айтуынша, 16-19 сәуір аралығында қалада тұрба құбырларына сынақ жүргізіліп жатыр екен. Бұл шаю жұмыстары емес. Мұндай сынақтар 5 жылда бір рет жүйелердегі жылудың нормативтік жоғалу деңгейін тексеру үшін жүргізілетін көрінеді. Аспаптардағы мәліметтерді «Теплосервис» институтының мамандары оқиды.

Нормативтік шығындар жылу тарифіне салынады. Қазіргі сынақтар оның өсуіне әкеп соға ма? Бұл сұраққа Н. Шамшатов жоқ деп жауап берді: жылу қызметкерлері шығындарды азайту үшін үнемі жұмыс істеп келеді екен – тұрба құбырларын оқшаулап орап, жылу қосындарының жабдықтарын жаңартады және т.б. Оның айтуынша, инженерлер қала тұрғындарының проблемаларын түсініп, өз жұмыстарын ертерек аяқтауға тырысуда. Бәлкім, ертең, 18 сәуірде ыстық суды жаппай қосатын болар, деді Шамшатов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.