Атырау, 25 қараша 16:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Балықшы - қаланың бір бөлігі

5 764 просмотра

Қалаға қосқаннан кейін Балықшыға қандай мәртебе, ықшамаудан ба немесе жай ғана аудан ба, беретінін билік әлі шеше қойған жоқ, алайда жергілікті әкімдік «Балықшы» деген атауынан айырылады.

Естеріңізге сала кетсек, жақында қалалық мәслихаттың шешімімен Атырау қаласы Балықшы кентін өзіне қосу жолымен 1 703 га-ға өсті. Енді Балықшы селолық округы Ақ жайық, Водниково, Құрсай және Көк арна ауылдарын біріктіретін болады.

- Кентті қалаға қосқаннан не өзгереді? Ол бұрыннан да барлық қажетті инфрақұрылымымен қаланың бір бөлігі емес пе?

- Иә, шын мәнінде, ештеңе өзгермейді, - дейді селолыққа айналған округтің әкімі Еркін ҒАЛИЕВ. – Бұл президенттің облыс орталығынан 5 шақырымнан артық емес жерде орналасқан кенттер мен селолық округтарды оңтайландыруға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында жасалып отыр. Енді тұрғын үй-коммуналдық сипаттағы мәселелер тез шешіледі деп ойлаймын. Айта кетсек, Балықшы тұрғындарының есебінен Атырау қаласының халқы енді 271 мыңды құрады. Қалаға қосылған Балықшы кентінде 19 мың 902 адам есепте тұрған.  

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.