Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлім етті.
Басқарманың мәліметі бойынша жеңілдікті «Эйр Астана» АҚ пен «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ ұсынып отыр.
«Эйр Астана» АҚ 100 пайыз жеңілдікті ҰОС ардагерлеріне эконом класта жүйелі түрде «Эйр Астана» АҚ орындайтын рейстерге Қазақстан мен ТМД қалалары бойынша авиабилеттер сатып алған кезде ұсынады.
Тегін авиабилеттер алу үшін ардагерлерде мынандай құжаттар болуы қажет:
- ҰОС ардагерлері мен мүгедектері үшін - тиісті органдар берген ҰОС қатысушы/мүгедектік куәлігі;
- «ҰОС ардагерлерінің» басқа санаттары үшін - зейнетақы тағайындаған орган куәландырған зейнетақы куәлігі;
- «Ленинградты қорғағаны үшін» медалі және Ленинград қоршауының тұрғыны» белгісі, тылда еңбек еткені үшін, Ұлы Отан соғыс кезіндегі әскери қызметі үшін ордендер мен медальдермен марапатталғандар үшін зейнеткерлік куәлікке қоса осы марапаттарды растайтын құжаттар талап етіледі.
«SCAT» авиакомпаниясы» АҚ рейсінде де 100 пайыз тариф көлемінде жеңілдік жасалады. Жолаушыдан тек әуежай жиынтығы алынады. Көрсетілген жеңілдіктермен мұндай тасымалды рәсімдеу кезінде (DM00) Қазақстан азаматтығы талап етілмейді. Жеңілдікті иеленетін құжаттарды ұсынса, жетіп жатыр.
Сондай-ақ, ҰОС ардагері мен мүгедегінің қасына ілесіп жүретін бір адамға тарифтің 50 пайызы көлемінде жеңілдік беріледі. Қосымша жүк жиынтығы төленеді. Жеңілдіктер бір жыл бойы жарамды.
«Аталған жеңілдіктер ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін, оларға теңестірілгендерге (Ленинград қоршауының тұрғыны, концлагерлерде азапталғандар мен тыл қызметкерлеріне) беріледі», - делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz