Атырау, 23 қараша 16:04
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қостанайда сот төрағасы пара алу үстінде ұсталды

2 886 просмотра

Қостанай соты және оның орынбасары пара алды деп айыпталды.

Облыстық сот хабарламасы бойынша, жемқорлыққа қолын былғаған сот пен оның орынбасары жұмыстан шықты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Азаматтық істерге қатысты сотқа берушілермен қарым-қатынасы үшін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті жазалау шараларын жүргізді.

Сот және оның орынбасары Конституцияны бұзып, сот этикасы Кодексіндегі заңдарын сақтамағаны үшін жазаланады. Пара алғаны үшін қылмыстық іс осы жылдың ақпан айынан бастап қозғалған.

Еске сала кетсек, 22-ақпан күні сағат 23.40-та облыстық ҰҚК Департаментінің қызметкерлері cудьялар Самалбек Мұхтаров пен Серік Қашқынбаевты пара алу үстінде ұстаған. Олардың әрқайсысы келісілген пара сомасының соңғы бөлігін - 100 мың теңгеден алып жатқан деп жазады жергілікті "Костанайские новости" басылымы. Олар азаматтық істі пара берушінің пайдасына шешіп беруді уәде етіпті.

Қазір іс қаржы полициясының тергеуінде жатыр.

Дереккөз: nur.kz

19 сәуір 2013, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.